• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2018

Леонид Питаленко: Бірлік пен келісім арқылы орындалады

194 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі – ақиқатында маңызды және уақтылы көтерілген бастама.

Ұлық мерекелер – Алғыс ай­ту күні мен Қазақстан хал­қы Ас­самблеясының құрылған күнінен бас­тау алып, Халықаралық әйел­дер күні және Наурыз мерекесі той­ланатын айдың басында Елба­сының әлеуметтік бастамалары барша қазақстандықтар үшін ерекше сый болды.

Биыл үшінші жыл қатарынан Алғыс айту күні еліміздің түк­пір-түкпірінде кең көлемде мере­келеніп, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында киелі қазақ жеріне, көңілі кең қазақ халқына қиын-қыстау уақытта қол­дағандары үшін құрмет білді­ретін монументтер ашылды.

Қазақстанның біртұтас хал­қы Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік бастамаларына шын пейілмен қолдау білдіреді. Өйт­кені ортақ мақсатымыз – қоғам­ның әлеуметтік бірлігін ны­ғайту, көлемді әлеуметтік жоба­ларды бірлесе жүзеге асыру, «Қазақ­стан – біздің ортақ үйіміз» жалпы­ұлттық идеясын жаңа ойлар­мен толықтырып, әрбір қазақ­стан­дықтың жағдайының дұрыс болуына күш салу.

Мәселен, әрбір отбасына баспа­на алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмыс­шы­лар­дың еңбекақысын көбей­ту үшін олардың салық жүкте­месін азайту, жоғары білім алу­дың қолжетімділігі мен сапасын артты­рып, студент жастардың жатақ­ха­надағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту және елді газбен қамтамасыз ету жос­парларынан елге шынайы қам­қорлықты сезінеміз.

Жаңа жобалар еліміздің аза­мат­тарының өмір сүру деңгейін барынша жақсартатындығына күмән жоқ. «Заманауи жаһандық ахуалда ұлттық бірлік – әлеуметтік бір­лік, ал қалыптасқан мемлекет – әлеуметтік мемлекет. Біз әлеу­меттік мемлекет пен ұлттық өр­кендеудің шынайы әрі сындарлы қазақстандық моделін міндетті түрде бірге жасайтынымызға сенімдімін», деді Президент.

Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға арналған жаңа әлеуметтік бастамалар да ортақ күшті біріктіру арқылы жүзеге асатындығына сенімдімін.

Леонид ПИТАЛЕНКО,

«Беларусь» этномәдени бірлестігінің төрағасы